Басты жаңалықтар
Гүлзира Айдарбекова ұлын "ойынқұмар" деп айыптағандарға жауап берді
- автор kyn.kz
- 28 наурыз, 2023
- 253
Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлына қатысты Динара Әлжанның айтқанына, жауап берді деп, жазды KYN.KZ тілшісі.
Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова бұл ақпаратты жоққа шығарып, ұлын сөз қылғандарға жауап берді.
Оқырманның: “Динара Әлжанның балаңыз туралы айтқанына не дейсіз? Ойынханада көмектескені рас па?” деген сауалына ол: “Кім не айтпай жатыр. Білген өсектерін айта берсін. Қайрат казинода отырса, күніге концерт беріп, тойға шығып жүрген егізі ме екен?! Не істеп жүргенін күніге Instagram-нан көріп отырсыңдар ғой. Қайрат ешкімнің ақшасын тартып не алдап алған жоқ.
Журналист жігіт біледі ғой қалай хайп жасап, оқырмандарын көбейтетінін. Қайраттай болып алсын ол өсекші. Жақсының артынан сөз ереді. Мықты бүркіттің артына жабысқан қарғаны елестеттім. Аузын толтырып 400 мың доллар дей ме, ойдан құрап. Мұндай өсектер алғашқысы немесе соңғысы емес, айта берсін. Алдыңды кесіп өтетін қара мысықтардың кезікпейтін кезі жоқ”, – деп Айдарбекова қысқа қайырды.