Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болды

Ерлан Қошанов ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы болды
ашық дереккөз
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілістің төрағасы лауазымына Ерлан Қошанов сайланды, деп хабарлайды  "КҮН.КЗ" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Атап айтқанда, ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды. Дауыс беру нәтижесі бойынша палата депутаттары ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметіне Ерлан Жақанұлы Қошановты бірауыздан сайлады. Айта кетейік, бүгін Мәжілістің бірінші отырысында палатаның депутаттары ант берді. Бұдан бұрын хабарланғандай, Астанада VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы ашылды. Ерлан Жақанұлы 1962 жылы Қарағанды облысында туған. 1984 жылы – Қарағанды политехникалық институтын, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін Жезқазған кен-металлургия комбинаты байыту фабрикасының слесары, шебері болып жұмыс істеген.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар