Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Асхат Аймағамбетов депутат ретінде қай саладағы, қандай мәселені көтеретінін айтты

Асхат Аймағамбетов депутат ретінде қай саладағы, қандай мәселені көтеретінін айтты
ашық дереккөз
Ол өз ісі бойынша желі арқылы халықпен етене жақын жұмыс істеуге уәде етті
Білім саласындағы жұмысын абыроймен атқарған Аймағамбетов осы жолы да халық алдына шығып, желі арқылы жоспарымен бөлісті. Ол өзге әріптестерінен ерекшеленіп, ант берген күні-ақ, нені өзгертіп, қайсалада қандай олқылық барын талдап тастады, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Парламент – заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы . Үкіметтің құзыретіне жататын мәселелерді ажырату маңызды. Үкіметтің бұрынғы мүшесі ретінде маған бұл мәселелер өте жақсы таныс, әрі түсінікті. Біздің негізгі жұмысымыз өзекті мәселелерді шешу үшін заңнамалық нормаларды қабылдауға, оның жүзеге асырылуын бақылауға бағытталған.
Медицина қызметкерлерінің мәртебесін бекіту, оның ішінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру және медицина қызметкерлерін қорлағаны үшін жауапкершілікке тартуды, еліміздің медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғауды, еңбегі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін заңды жетілдіру мәселелерін қарастыру қажет.
Сонымен қатар әйелдер мен балаларды қорғау бойынша арнайы нормаларды қабылдайтын уақыт жетті деп санаймын. Балалардың терезеден құлауының алдын алу, оларға ерекше қамқорлық көрсету мәселесі де – өзекті.
Одан бөлек, Білім инновация лицейлері, Абай атындағы, Сәтбаев атындағы мектептер сияқты желілік білім ордаларының мәртебесін бекіту, 10-11 сынып оқушыларына жұмысшы біліктілігін алу үшін білім беру грантының жаңа түрін енгізу бойынша нормаларды қабылдау, білім беру ұйымдарының басшыларына олардың құзыретіне кірмейтін мәселелер үшін әділетсіз айыппұл салуды тоқтату, педагогикалық мамандыққа түсу үшін шекті баллды бекіту бойынша заңнамалық нормалар қажет.
Сондай-ақ мектеп, балабақша, емхана құрылысы қарастырылмаған жерлерде және әлеуметтік маңызы бар нысандардың орнына бой көтеретін тығыз орналасқан құрылыстарға жол бермеу мәселесі де бар.
Бұған қоса, мемлекеттік сатып алу туралы заң да ерекше назар аударуға лайық. Бүгінде аталған заң медицина, білім беру және ғылыми ұйымдардың басшыларын тығырыққа тіреп отыр. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жойылған жоқ, бюрократиялық рәсімдер мен қызметтердің, тауарлар мен жұмыс сапасы сын көтермейді.
Ғылым саласында да көптеген мәселе заңнамалық шешімді қажет етеді. Ғылымның дамуына жағдай жасау және ғылыми еңбек нәтижелерін коммерцияландыру үшін жаңа заң дайындау маңызды.
Мәслихаттың екі шақырылымда депутат болған кездегі, мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы, педагог, өңірдегі мемлекеттік қызметте және орталық мемлекеттік органдарда, Үкімет мүшесі ретінде жұмыс істеген кезде жинаған тәжірибем менің алдағы қызметімде де көмектеседі деп үміттенемін.
Мен өз қызметімде бұрынғыдай ашықтық пен есеп беру, әділдік принциптерін ұстанамын",- деді Асхат Аймағамбетов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар