Басты жаңалықтар
Заманбек Нұрқаділовтың бәйбішесі: Зәкең өлерден бұрын келіп, Құралайдан кешірім сұрап сырын ашыпты
- автор kyn.kz
- 7 сәуір, 2023
- 319
Халқы қатты сыйлаған саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың бәйбішесі Нұрбике Нұрқаділова алғаш рет халық алдына шығып, ағынан жарылып өзі, отбасы жайлы айтты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
Ол Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында Заманбек Нұрқаділов жайлы кеңінен айтты.
"Ол Құралайдың тігін студиясына барып кездескен. Құралайға "Қандай әке болдсам да кешір. Жақсы әке болдым ба? Жаман әке болдымба? Қызым" депті. Құралай "Әке, денсаулығың қалай?" депті. Ол "Денсаулығым жаман" депті. Ол дәл сол кезде қызметтен түсіп қалған кезі еді. Құралай сол жерде әкесіне "Не менімен тұр, не Қайратпен тұр. Бұлай жүрме, қайт өзімізге" депті. Ол "Қайтамын ғой" деп қысқа қайырыпты. Құралай сол кезде әкесімен суретке түсіп алыпты. Суреттері сақталды",- дейді Заманбек Нұрқаділовтың бәйбішесі Нұрбике Нұрқаділова.
Көпшілік басынан ақ орамалын тастаған емес деп сыйлайтын Нұрбик ханым атақты күйеуімен қалай отбасын құрғанын да есіне алды.
"Зәкеңмен үшінші курс кезде үйленгенбіз. Мен физика- матиматика саласы бойынша білім алдым. Пәннің өзі салмақты ғой. Содан кейін болар, мінезім де соған сай. Арамызда екі бала өмірге келді. 27 жыл бірге тұрдық. Енем қолымда тұрды. Тұңғышым төртінші курс кезде дүниеге келді. Өзім сол емтиханнан емтиханға жүгіріп жүріп босандым. Оған Қайрат дегенді студент достарымыз қойған. Үйленген кезде менің туыстарымның алдынан өтті. Қалыңмалға ақшасы болмады. Сол кезде бізде тек махаббат және кедейлік болды",-дейді Нұрбике Нұрқаділова.
Қызығы, Нұрбике Нұрқаділова отыз жыл отасқан күйеуі өзін екі баламен тастаған кезде оған жұмысына сәттілік тілеп, абыройының түсіп қалмауын тілепті.
Ол әкім күйеуі өзін тастап әншіге үйленіп кеткенде ризалығын бергенін айтады.
"Ол бірден әкім болған жоқ. Көз алдымда құрлыста қара жұмыс істеп бастады еңбек жолын. Содан ақырындап көтеріліп әкімдікке жетті. Мен ол кеткенде жолың болсын дедім. Аман жүр, абыройлы бол деген тілегімді айттым. Одан әрі қарай қызыметің өссін дедім. Балаларды көріп, тәрбиесіне араласуын сұрадым.",- дейді Нұрқаділовтың бәйбішесі.