Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нұрбике Нұрқаділова: Колбинның қанды қолымен амандасқан қолымды сабынмен он қайтара жудым

Нұрбике Нұрқаділова:  Колбинның қанды  қолымен амандасқан қолымды сабынмен он қайтара жудым
ашық дереккөз
Саясаткердің бәйбішесі: Зәкең өзін өлтіретін адам емес, оның ажалы адамнан болды
Нұрбике Нұрқаділова Заманбек Нұрқаділовтың саяси өмірдегі жұмыстарына кеңес беріп, ақылдасып шешім қабылдаған сәттерін еске алды. "Ол Желтоқсан оқиғасынан кейін бастықтарының айтуымен телеарнаға барып,"Қазақтың балалары дәрі ішіп тентектік жасады" деген сияқты сұхбат беруге тапсырма алыпты. Мен бірден айттып, өйтіп айтпайсың, бармайсың дедім. Барсын басқа бірінші, екінші секретарлар. Ол айтады "Менің қызметіме осы үшін қауіп төніп тұр" деді. Қызметтен кетсең кетебер. Ертең балаларың өсіп кележатыр. Осы ұлттың, осы елдің азаматтары. Ертең " Бұлардың әкесі қазақ ұлтына қарсы сөйлеген" деген жаман атқа қаласың деп айттым. Содан ондай сұхбатқа бармады. Колбин ол үшін тиісіп, ондай жаза қолдану шараларын қарастырмады",- дейді Нұрбике Нұрқаділова. Ол өзінің  Геннадий  Василиұлы Колбинмен кездесіп, дастархандас болғанын да айтып өтті. "Ол мені көріп Зәкеңе "Ой какая красивая казашка. Заке, у тебя красивая жена" деп айтты. Ол кезде қырық жасқа келмеген кезім. Мақтанып қояйын. Қолымнан қысып ұстап амандастық. Үлкен гүл шоғын сыйлады. Ол гүлді үйге әкеліп, енеме, балаларға көрсеттім. Сосын онымен амандасқан қолымды сабынмен он қайтара жудым. Үйдегілердің бәрі күледі. Менің сондай бір мінезім бар. Сол кезде ойыма қанды қолымен менің қолымды ұстады деген бір жақтырмай, жиреніп қалған ой болды. Гүлді сыртқа шығарып қойдым. Гүл енді көк, көк деген байлық. Гүлдің не кінәсі бар деп ойладым",- дейді Нұрбике Нұрқаділова. Заманбек Нұрқаділовтың бәйбішесі "Зәкеңнің ажалы адамнан болды" деп есептейтінін ашық айтты. " Ол кісі ондай өзін үш мәрте атып, өзіне қастандық жасайтын адам емес. Ол "Хан тәңірінің ұлымын" деп өзін үнемі көтеріп жүретін. Ол торғайды, қоянды да атпайтын, мейірімді адам.Біз үйленген жылдары барлық қазақ сияқты пәтер жалдап тұрдық. Ол сырттан келген қазақтардың басындағы қиындықты жақсы білді. Сол себепті де, сырттан келгендерді тіркеуге алуда алдына жан салмады. Әкім болған кездері Шаңырақ халқына үйлерін қалдыру мәселесін көтерді, шешті. Сол жердегі халық әлі күнге алғысын айтып жүреді",-дейді Нұрбике Нұрқаділова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар