Басты жаңалықтар
Алматылық әйел 45 жыл бұрын тізесіне кіріп кеткен инені алдырды
- автор kyn.kz
- 8 сәуір, 2023
- 302

Ол жарты ғасырға жуық уақыт аяғының еш ауырмағанын айтады
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 45 жыл бұрын оң аяғының тізе буынына тігін машинасының инесі кіріп кеткен әйел түсті. Әйелдің айтуынша, бала күнінде жараттанған. Сол кезде инені алып тастау үшін операция жасалған, бірақ ине табылмаған.
«Осы жылдар ішінде ине мазамды алған жоқ, биыл ғана қатты ауырып, күннен-күнге асқына түсті. Ақсаңдап жүре бастадым. Сондықтан, стационарға жүгіндім. Маған рентген жасап, операция жасау қажет екені айтылды», – деді ол.
Аурухана травматологтері инені алып тастау бойынша жарты сағатқа созылған операция жасады. Операциядан соң әйел ақсаңдап жүруін қойды әрі ауруы басылды.
Операцияны жасаған травматолог Дәулет Чукмановтың айтуынша, көп жылдар ішінде ине инкапсуляцияланған.
«Операция сәтті өтті, ине алынып тасталды», – деді ол. Өз кезегінде әйел дәрігерлерге кәсібилігі үшін алғысын білдірді.
Келесі мақала
Дина Елгезек: Депутат Ринаттың сөзі өзгерді
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025