Басты жаңалықтар
Ақтөбеде күдікті түн ортасында 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын не үшін сойып тастағанын айтты
- автор kyn.kz
- 11 сәуір, 2023
- 644
Ол екі адамды өлтіргенімен қоймай сол отбасының 13 жасар қызын мүгедек етіп қойды
Ақтөбеде бүтін бір отбасын пышақтап кеткен күдікті қамауға алынды. 23 жастағы тұрғын қарақшылық жолмен пайда таппақ болған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қандықол қарақшы осыдан екі апта бұрын балконның ашық тұрған терезесінен пәтерге кірген. Сол кезде ұйқысынан оянып кеткен 35 жастағы келіншек пен оның 16 жастағы ұлын пышақтап өлтірген.
Ал 13 жасар оқушы қыздың мойнын тілгілеп, бес рет пышақ сұққан. Қансырап жатқан қыз тәртіп сақшыларына хабарласып, көмек сұрап үлгеріпті. Сол кезде жансақтау бөліміне жеткізілген оқушының қазір беті бері қарап, палатаға шығарылды. Ал күдікті қылмысын мойындаған. Қарақшылық жасап, бірнеше адамды өлтіргені үшін айыпталып, тергеліп жатыр.
"Қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Жиналған дәлелдемелердің арқасында қылмысын мойындады. Бұлтартпау шарасымен қамауға алынды",-дейді Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мұрат Ауғалиев.