Басты жаңалықтар
"Басшының өзі "Ұр!" деп айтқан": Павлодар облысында балалар үйіндегі төбелес видеоға түсіп қалған
- автор kyn.kz
- 16 сәуір, 2023
- 249
Қыздар арасындағы жанжал оқушылардың жатын бөлмесінде басталған.
Павлодар облысында жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта төбелес болып, тәрбиеленушілердің бірі соққыға жығылған. Полиция қызметкрлерілі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады «КҮН.КЗ» тілшісі. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан бейнежазба тарады. Кадрларға қарағанда, қыздар арасындағы жанжал оқушылардың жатын бөлмесінде басталған. Екі қыз өзге бір қызды төсектен еденге сүйреп апарып, ұра бастайды. Бірнеше оқушы араша түсіп, таяқ жеген қызды алып кетуге тырысады. Бірақ олар ұрып-соғуды жалғастырады, біреуі қолымен ұрады, ал екіншісі еденде жатып, күшпен тепкілейді.
Аталған видеоны әлеуметтік желіге жариялауын өтінген адамның пікірінше, мұндай видеоны түсіруге мектеп-интернаттың басшысының өзі рұқсат берген. Видеоны түсіріп әрі оны көріп тұрған, күлген дауыс сол басшының даусы екені жазған. Тіпті басшыеың өзі балаларға "ұр" деп айтатынын да жазған. Павлодар облысының білім басқармасында болған оқиғаға түсініктеме берілді. Аалған дерек бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары басталды. «Шынында да, №2 арнайы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері арасында төбелеске айналған ауызша жанжал болды. Кезекші тәрбиеші және басқа тәрбиеленушілер дереу қыздарды ажырата бастады. Төбелес кезінде кәмелетке толмағандар дене жарақатын алған жоқ», - деп түсіндірді ведомствода. Сондай-ақ, білім басқармасы қызметтік тергеу жүргізетінін, оның қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік сипаттағы шараларды қарайтынын айтты. «Бұл факт Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде тіркелген. Полиция тексеру жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.