Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте сабақ үстінде есінен танып құлаған мұғалімнің туберкулездің ашық түріне шалдыққаны анықталды

Шымкентте сабақ үстінде есінен танып құлаған мұғалімнің туберкулездің ашық түріне шалдыққаны анықталды
ашық дереккөз
ата-аналар осы жағдайды өздерінен жасырған мектеп басшылығына ашулы
Шымкентте сабақ үстінде есінен танып құлаған мұғалімнің туберкулездің ашық түріне шалдыққаны анықталды. Осылай деген бір топ ата-ана балаларын екі күннен бері мектепке жібермей отыр, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі 31 арнаға сілтеме жасап. Өйткені бар-жоғы 40 минуттың ішінде залалсыздандырылған ғимаратта ештеңе тазаланып үлгермейді деген олар балаларының денсаулығы үшін алаңдаулы. Бірақ білім ұясының басшылығы сабаққа келмеген оқушылардан түсініктеме талап етіп жатыр екен. Олар ұстаздан табылған аурудан қауіптенетін түк жоқ дейді. Шымкенттегі нөмірі 33-ші мектептің бір топ ата-анасы балаларын екі күннен бері оқуға жібермей отыр. Айтуларынша, дүйсенбі күні мұғалімдердің бірі дәл сабақ үстінде есінен танып құлап қалған. Кейін сол ұстаздан туберкулездің ашық түрі табылған дейді. Осының бәрін басшылық бізден жасырды деген ата-аналар білім ұясы бір аптаға дейін жабылып, іші толық залалсыздандырылсын деп талап қойды. "Дәл бүгін мен балаларымды жіберген жоқпын. Кеше онлайн форматта делінді. Бірақ, соның өзінде осындай жағдай болып жатыр деген жоқ. Біздің жағдайдың мән-жайын бүгін толығын, анық-қанығын бүгін таңертең біліп отырмыз. Барынша бізден жасырды",– дейді Шымкент қаласының тұрғыны  Ризвангүл Салимова. Жиналған ата-аналардың айтуынша, бұл мектепте туберкулез дертінің табылуы алғаш рет емес. Екі жыл бұрын оқушылардың бірінен инфекцияның жабық түрі анықталған. Осылай деген ата-аналар бұл жолы тіпті қорқып отыр. Себебі, мұғалім бұл мектепте 10 жылдан бері сабақ беріп келеді екен. Дәрігерлер де қауіп барын жасырған жоқ. Ақ халаттылар оқушыларға түгел манту жасап, нәтижесін бақылаймыз деп отыр. "Қауіп бар. Бірақ балалар ауырып қалады ау деп ойламаймын. Манту сынамасын жасаймын. Манту сынамасының читкасы 72 сағаттан кейін көреміз. Мысалы, бүгін ертең жұмаға белгілеп отырмыз мұны. Дүйсенбі күні оның нәтижесін көреміз. Дүйсенбі күні манту теріс болған балаларға тиіспеймін. Положительный болғандарға тест жасаймын",– дейді Шымкент қалалық №2 емхананың педиатор-дәрігері Мейрамгүл Тойшиева. Жағдайды естіген оқушылардың көбі бүгін мектепке келмеген. Бірақ, білім ұясының басшылығы ештеңеге қарамастан мектепте сабақ жалғасады дейді. Себебі, басқармадан пәрмен келмеген. Айта кетейік, таяқша табылған мұғалім қазір тубдеспансерде емделіп жатыр. Санитарлық дәрігерлер одан туберкулездың ашық түрі табылғанын растады. Белгілі болғандай науқаспен 77 оқушы мен 139 мұғалім байланыста болған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар