Басты жаңалықтар
Жансая Мұратбекова: Әкеммен бірге арманымды жерлеп тастадым
- автор kyn.kz
- 16 сәуір, 2023
- 498
Жансая: Көпшілік мені күйеуімді үйге қамап кетіп, оны жұртқа жамандап келетіндей көреді
Әзілкеш әрі бүгінде танымал вайнер Жансая Мұратбек өзі және танымал болуына арқау болған әзілдері жайлы "Жібек жолы" арнасында айтты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Мен негізі инстаграм парақшама декретте отырып дейін қойған адаммын. "жайдарман" арқылы осы жолға келдім.
Жайдарманда жүріп әзілді қалай айту керек, қалай өтімді болады барлығын үйрендікү Одан қалды сценарий жазу бойынша курс оқып, содан бастап еліміздегі атақты вайнерлерге сценарий жазып жұрдім. Содан олар кейбірін ұнатпай қайтарып жатты. Сол қайтқандарды өзім түсіріп, елге өткізіп жібердім. Күйеуім менің үйдегі редакторым. Ол жазған әзілдерімді редакторлап береді. Көпшілік маған комментария жазғанда байқадым, күйеуін үйіне қамап кетіп, Стендапта жамандап келеді деп мені сөгіп жатады",- дейді Жансая.
Жансая Мұратбекованы қазақ тілі мен әдебиетіне әкесі қызықтырып, мектеп жасында журналист болады деп демеп отырады екен.
"Мені әкем үнемі айтатын "Жансая журналист болып, менің атымды шығарады" деп. Сол кезде өзімдеде күшті ынта болды. Әкем қайтыс болғаннан кейін ешкім мені журналист болады деп айтқан да жоқ, өзімде де ешқандай ұмтылыс болмады. одан қалды журналистикада конкурс жоғары болды. Грантқа түсу мүмкіндігі төмен еді.
Содан мен әкемді емдей алмаған дәрігерлерге қарап дәрігер боламын деп шештім. Кейде үйдегілерге күлеміз "Мен әкеммен бірге, журналист боламын деген арманымды да жерледім" деп. Қазір енді өз парақшамда "Жабар" арнасының журналистімін. Негізгі табыс көзім сол Инстаграм. Менің көтеретін тақырыптарым отбасылы әйелдер мәселесі",-дейді Жансая Мұратбек.