Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жетісу облысынада Тасқұдық тұрғындары биліктен қайран болмағасын өздері мектеп салып бастаған

Жетісу облысынада Тасқұдық тұрғындары биліктен қайран болмағасын өздері мектеп салып бастаған
ашық дереккөз
Қазіргі 100 шаршы метрлік құлағалы тұрған мектепте оқушылар амалдап білім алуда
Жетісу облысындағы Тасқұдық ауылының оқушылары едені шіріп, қабырғалары сөгіліп, әбден тозығы жеткен ескі мектепте білім алуда. Сыз тартқан білім ордасында оқып жатқан балаларының денсаулығына алаңдаған халық өз күштерімен жаңа мектеп салуға кіріскен. Бірақ қаражаттары таусылып, ғимарат жұмыстары аяқсыз қалған,деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі 31 арна жаңалықтарына сілтеме жасай отырып. Енді ауыл тұрғындары биліктен құрылысты аяқтап беруді сұрап отыр. Сарқан ауданына қарасты Тасқұдық ауылындағы мектеп осы. Мектеп деген аты болмаса ауылдағы қарапайым үй. Сыртының да, ішінің де әбден тозығы жеткен. Қабырғалары сыз тартып тұр. Тасқұдық орта мектебінің жалпы аумағы 100 шаршы метр. Бұл жерде осындай аядай-аядай сынып кабинеттері бар. Дәл осы 100 шаршы метр аумағы бар мектепке 6 бірдей бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның үшеуі сынып кабинеттеріне қойылған. 24 оқушының өзі сыймай, екі ауысыммен оқып жатқан тар мектеп ішіне дәретхананы салып қойған екен. "Екі туалет бар, оның өзінде қызметкерлеріміз қайта-қайта трубаларды тазалап, су жүргізіп, еңбекпен істеп келе жатыр былай айтқанда. Біресе су тоқтап қалады, біресе су жүрмей қалады. Машақаты көп",–дейді Тасқұдық бастауыш мектебінің меңгерушісі Айжан Садықова. мектептен шаршаған ауыл халқы бірігіп, екі жыл бұрын өз күштерімен білім ордасын салуға кіріскен. Бұл игі бастаманы сол кездегі Сарқан ауданының әкімі болған Талғат Қайнарбеков қолдаған. Қыркүйек айында әкім көз жұмып, содан бері білім ошағының құрылысы да тоқтап қалған екен. "72 жылы каркастан салынған мектеп, асты шіріп жатыр. Ескіні жамасаң есің кетеді дейді, қашанға жамаймыз? Қашанға жамаймыз? Мына бастаған мектепті салып берсе, көмектессе, аудан ба, облыстың несінен бе, сол біздің сұрайтынымыз",–дейді Тасқұдық ауылының тұрғыны Қуатбек  Елубаев. Халықтың өз күшімен салып бастаған жаңа мектебі осы. Іргесі толықтай қаланып, шатыры жабылып, жұмыстың басым бөлігі аяқталған. Енді ары қарай жүргізуге қаражат таусылып қалған екен. Бірақ аудан әкімдігі тұрғындар тұрғызған ғимаратта бала оқыту мүмкін еместігін айтып отыр. 10 сотық жер телімі Ерланұлы Ұлан деген азаматқа тұрғын үй құрылысын салуға берілген болатын. .... Құрылыс аяқталғанан кейін ол тұрғын үйді медициналық пункт немесе полиция учаскесі пункті немесе бастауыш мектепке ауыстырамыз деген өз жоспарлары болған. Мемлекеттік сараптамадан өткен құжаттамасыз оқушылар отыратын, балалар отыратын мектеп салуға мүлдем қатаң тыйым салынуда. Ал Жетісу облыстық білім басқармасындағылар балалардың ескі мектепте білім алып жатқанынан хабардар екенін жеткізді. Айтуларынша, келер жылы жаңа оқу жылынан бастап оқушыларды көрші ауылдың мектебіне тасымалдап оқытпақ. Дегенмен, ауыл халқы күнде шығын шығарып балаларды тасымалдамай-ақ, жаңа ғимараттың құжатын реттеп, оқушыларды сол жерге ауыстыруды сұрап отыр. Себебі, сыз тартқан мектеп балалардың денсаулығына қауіпті болып тұр дейді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар