Басты жаңалықтар
Жаңаөзендегі жарылыс: Қайтыс болғандар саны 4 адамға жетті (видео)
- автор kyn.kz
- 17 сәуір, 2023
- 442
Жарылыс болған жерде облыс әкімі Ноғаев та жүр
Жаңаөзен қаласында болған төтенше жағдайдан бір адам қаза тауып, 12 адам зардап шекті, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық әкімдігі.
Оқиға бүгін таңғы бесте екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған.
"Болжам бойынша 2-ші кіреберістегі пәтерде газ қоспасы жарылып, 150 ш.м. аумақта кіреберіс құлаған. Сағат 08.30-да үйінді астынан алты адам шығарылды. 08.30-дағы жағдай бойынша 13 адам зардап шекті, соның ішінде 1 мәйіт табылды", - деп хабарлады әкімдік.
Зардап шеккен 5 адам ауруханаға жатқызылды, ал жетеуі медициналық тексерістен кейін үйіне шығарылды.
Әкімдіктің ақпаратынша, жарылыс салдарынан 3 пәтерге зақым келген. Тұрғын үй газдан ажыратылған. Үйіндіні аршу жұмысы жүріп жатыр.
Оқиға орнында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жүр. Ол жарылыс орнындағы үйінділерді, газ қоспасын жою жөніндегі ведомствоаралық штабтың жұмысын үйлестіруде. ТЖД жедел штаб құрып, қауырт желі телефонын ұйымдастырды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Соңғы мәліметтер бойынша құтқарушылар үйінді астынан төрт адамның денесін алған. Тағы алты адам ауруханаға жөнелтілген.