Басты жаңалықтар
Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты: Жаманқұлов кек алу мақсатында арыз жазды
- автор kyn.kz
- 17 сәуір, 2023
- 612

Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Төлеев өз қорғауындағы экс-министрдің үстінен Тұңғышбай Жаманқұлов арыз жазғанын айтты, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
"Пандемия ковидқа байланысты кейінге шегерілген еді. Өздеріңіз білесіздер Тұңғышбай Жаманқұлов деген азамат бар. Сол кісі менің қорғауымдағы азаматқа жалған жала жауып, прокуратураға арыз түсірген. Сол арыз негізінде заңсыз қылмыстық іс қозғалды",-дейді адвокат Төлеев.
Төлеевтің сөзінше, Мұхамедиұлының кінәсін дәлелдейтін бірде-бір дәлел, дәйек жоқ. Сондықтан ол мұны нақақтан тағылған айып деп есептейтінін жеткізді.
“Кезінде Тұңғышбай Жаманқұловтың үстінен іс қозғалып, сотталды. Ол сол уақытта жауапқа тартылуына Арыстанбек Мұхамедиұлы себеп болды деп ойлаған. Сондықтан кек алу мақсатында оның үстінен арызданды”, – дейді адвокат.
Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Мұхамедиұлын сот залына жеткізу мүмкін болмаған. Ол сотқа онлайн түрде қатысып жатыр.
Есте болса, актер Тұңғышбай Жаманқұлов бірнеше рет көлемді сұхбаттарында Арыстанбек Мұхамедиұлы Өнер академиясының ректоры болған тұста келіспей қалып, кейіннен соның зардабын тартқанын айтқан.
Келесі мақала
Ғани Бейсембаев: Екі оқушының қатар өлгені жаныма батты
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025