Басты жаңалықтар
"Әлі күнге рақметімді айтамын": Әнші ARO өзіне төмен баға қойған ұстазына алғыс айтты
- автор kyn.kz
- 17 сәуір, 2023
- 2.1k
Өнерге келуіме сол баға әсер етті, дейді әнші.
Көпшілікке ARO лақап атымен танымал әнші Арман Көмекұлы "Jibek joly" телеарнасындағы "Жаңа Түнгі студияда" қонақта болды, деп жазады «КҮН.КЗ» тілшісі. Музыкалық талғамы ерекше жас әнші ARO қоғамдағы проблемаларды әндерінде қозғайды. Лирикаға толы әндердің авторы өзінің өнер саласына келуге әсер еткен оқиға туралы айтып, ұстазына рақметін жеткізді. "8 сыныпқа дейін үздік болдым. Сол жылы Бекзат деген ағайым, технология пәніннен 4 қойып жіберді. Әлі күнге сол ағайыма рақмет айтамын. Бұл өмірдің мәні, оқушы болудың мәні сабақты беске оқу емес, басқа өзімнің қырларыма назар аударуға септігін тигізді. Сол жалғыз 4. Содан басталды, ойымның бәрі өнерге ауып кетті", - дейді әнші.