Басты жаңалықтар
Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта өзіне тағылған кінәмен келіспейтінін айтты
- автор kyn.kz
- 17 сәуір, 2023
- 537
Сот Мұхамедиұлын үй қамаққа ауыстырудан бас тартты
Елордада Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі сотта қаралып жатыр. Процесс барысында айыпты кінәсін мойындамады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығын орындау мақсатында мен Қазақстанға Үндістаннан ұлттық бірегей қазына - «Алтын адам» брендін тұтастай әрі аман-сау қайтардым. Аталған мұра Мемлекет басшысы жарлығының уақтылы берілуінің арқасында және Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің көмегімен пандемия кезінде, яғни локдаун енгізілгенге дейін қайтарылды», - деді сотта Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Оның мәліметінше, «Алтын адам» елімізге 2020 жылғы 22 наурызда дипломатиялық пошта арқылы жеткізілген.
«Үндістанда карантин шектеулері 2021 жылдың аяғында ғана алынып тасталды. Егер айыптау актісінің нұсқауына сүйене отырып, коронавирус өршіп тұрған кезде ұлттық мұраны Үндістанда 2 жылға жуық уақытқа қалдырып кетсек, онда тек Қазақстан ғана емес, бүкіл адамзат үшін қадірлі қазынамыздан айырылып қалар едік. Сондықтан мені айыптау актісімен мүлдем келіспеймін, өз кінәмді толық мойындамаймын», - дейді А. Мұхамедиұлы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сот Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты.
Келесі мақала