Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңаөзенде жарылыс салдарынан қаза болғандардың туыстары трагедияның себебін айтты

Жаңаөзенде жарылыс салдарынан қаза болғандардың туыстары трагедияның себебін айтты
ашық дереккөз
Ауыз су құбырын ауыстырып жатқанда газ құбырын зақымдап алған. Жаңаөзендегі жарылыс болған үйдің тұрғындары апатқа қатысты осындай болжам айтып отыр.
Осыдан екі-үш күн бұрын мердігер мекеме үй маңындағы ауыз су құбырын ауыстырыпты. Сол кезде жер астында жатқан газ құбыры тесіліп қалған көрінеді, деп жазады  "КҮН.КЗ" КТК арнасына сілтеме жасап.
Жойқын жарылыстан зардап шеккен алты адамның екеуі ауыр хәлде дейді дәрігерлер. Ал баспанасыз қалған тұрғындар туыстарының үйін паналап жүр екен. Әкімдік жақын күнде далада қалғандарға пәтер кілтін табыстаймыз деп отыр.
Далада қалған жұрт жарылысқа құрылысшыларды кінәлап отыр. Айтуларынша, мердігер компания осы маңдағы ауыз су құбырын ауыстырған. Сол кезде газ құбырына байқаусызда зақым келуі мүмкін дейді тұрғындар. Себебі, құбыр ауыстырылғалы үйдің маңынан газ иісі шыға бастаған, деп хабарлайды телеарна.
Бір ай бұрын екінші шағынауданның айналасында су құбырын жүргізген.
"Сол уақытта қазған кезде осы 251-дің артында жарылыс болған, үйдің артында ГРП газ таратушы бар. Соған жолдың арғы бетінен келіп тұрған құбыр бар,150 миллиметр. Соның үстіне бұлар құбырды алды да, тастап, көміп тастады. Көміп тастаған соң иіс пайда болды", - дейді қайтыс болған тұрғынның туысы Нұрлан Исатаев.
Жарылыстан зардап шеккен алты адам ауруханада жатыр. Бірінің жағдайы күрт нашарлап, Ақтаудағы ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөлімінде жатқан екі науқастың жағдайы да ауыр, дейді дәрігерлер. Оның бірі жүкті келіншек екен. Қатты шошынған науқас түсік тастапты.
"Екеуінің жағдайы өте аууыр. Екеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, бақылауда. Қазір Ақтаудың ауруханасынан мамандарды күтіп отырмыз. Медавиациядан травматолог, реаниматолог, кардиолог, бас мамандар келу керек", - деді Жаңаөзен көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Раушан Жапарова.

Газ қоспасының жарылысы

17 сәуірде таңғы сағат бесте Жаңаөзенде екі кіреберісті 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Болжам бойынша, газ қоспасы. Жарылыс салдарынан кіреберістің 150 шаршы метрі құлады.
Қайғылы оқиға төрт адамның – екі әйел, бір бала және бір ер адамның өмірін қиды. Үйде 12 пәтер болды, оның төртеуі жарылыс салдарынан жойылды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар