Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада көлік ұрлап қашқан адам жол апатына түсіп, сол жерде мерт болды

Астанада көлік ұрлап қашқан адам  жол апатына түсіп, сол жерде мерт болды
ашық дереккөз
Астанада ер адам Subaru көлігін ұрлап айдап кетіп, жол апатына ұшырады. Ұры жол көлік оқиғасы кезінде қайтыс болған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. Апат 18 сәуір күні Астанада болған. Subaru жүргізушісі Тілендиев даңғылынан кейін рөлді басқара алмай, ілеспе бағытта келе жатқан HOWO жүк көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан Subaru жүргізушісі ауыр жарақат алып, оқиға орнында мерт болды. Тексеру барысында Subaru ұрланғаны анықталды. "Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚІЖК 201-бабының негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", – деп хабарлады ІІМ.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар