Басты жаңалықтар
"Іш киімімді өзім аламын": Шерхан Пірназаровтың анасы баласының саудаға жақын болғанын айтты
- автор kyn.kz
- 19 сәуір, 2023
- 299
Актердың анасы: "Шерхан 10 жасында шемішке сатты"
Елімізге белгілі актер Шерхан Пірназаровтың анасы Қалдыгүл Шауменова "Жетінші" арнадағы "Қыздар-ай" ток-шоуында қонақ болып, актердың балалық шағы қалай өткенін айтты, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі. Қалдыгүл Шауменова бүгінде қалың көрерменнің ықыласына бөленіп жүрген өнер иесінің балалық шағы қалай өткенін, қандай бұзықтық жасап, кімнің тәрбиесінде өскенін айтты. "Шерхан шамалы тентектеу болды. Әжесінің сүйікті немересі, ал мен сүйікті келіні болдым. Екеумізді жетектеп жүретін. Шерхан нағашыларында тәрбиеленді. Білім мен тәрбиені нағашы жағы берді. Бала кезінде мінезі жұмсақ, ақкөңіл болды. Он жасында шемішке сатты. "Мама, мен сенен жол ақы сұрамаймын, іш киімімді өзім аламын", деп айтты. Менің анамның өзі шемішке сататын, менің інім бар еді, сол екеуі барып, пайдасы болды. Көпшілікпен араласып, сөйлесу деген сол кезден басталды. Әдебиет, тарих пәнінен жақсы болды", - дейді актердың анасы.
Сонымен бірге, актер тоғызыншы сыныпта оқып жүрген кезде ұстазы мектептен алып кетуін сұраған. Бірақ Шерхан мектепте қалып, 11-ші сыныпты аяқтап шығады. "9 сынып оқып жүргенде апайы "балаңызды алып кетіңіз, өте бұзық, қыздарға маза бермей", деп айтты. Бірақ Шерханның өзі келіспеді. Сол кезде "ертең мені теледидардан көріп отырасыздар, биіктен көрінемін" деп айтқан. Сенімді түрде айтатын" , - дейді Қалдыгүл Шауменов