Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мектеп есепшісі осылай жесе...": Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлері сөмке-сөмке ақшамен ұсталды

"Мектеп есепшісі осылай жесе...": Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлері сөмке-сөмке ақшамен ұсталды
ашық дереккөз
Келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады.
Антикор Талдықорғанның білім бөлімі қызметкерлерінің сөмке-сөмке ақшамен ұсталған видеосын жариялады, деп жазды «КҮН.КЗ» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Талдықорған білім бөлімінің қызметкерлері миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады. Оларға білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына өтеусіз қаржы аудару арқылы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан деген күдік келтіріліп отыр. Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңгені құрады»,- делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің хабарламасында. Қазіргі таңда істің мән-жайына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік нысанына, қымбат автокөліктерге тыйым салынды. Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.   Оқиғаның видеосын журналист Самал Қабышева әлеуметтік желіге жүктеген. Желі қолданушылары өз пікірлерін ортаға салды. "Есепші осылай жесе, басшылар қалай жеді десеші. Ол жалғыз өзі істей алмайды", "Бүкіл мектептің есепшісін тексеру керек", "Сұмдық, мектеп мұғалімдері айлық ала алмай жылап жүрсе, бар ақшаның бәрін мыналар жымқырып жүр екен ғой", "Бізге ақша жетпейді, сөйтсек өздері жеп қояды екенғой", - деп жазды олар.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от САМАЛ ҚАБЫШЕВА (@samal_kabysheva)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар