Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Бала пакетке ораулы күйде жылап жатқан":Орал тұрғыны қоқыста ораулы жатқан тірі сәбиді тауып алды

"Бала пакетке ораулы күйде жылап жатқан":Орал тұрғыны қоқыста ораулы жатқан тірі сәбиді тауып алды
ашық дереккөз
Орал тұрғыны қоқыс лақтыруға барып, жәшікте жылап жатқан нәрестенің дауысын естіген. ол дереу өз туыстары шақырып жедел жәрдемге хабарласқан. Бала ауруханаға жеткізілді, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі МойГород басылымына сілтеме жасап. Оқиға 24 сәуірде , күндізгі сағат 11:30 шамасында болған. Тұрғындар дабыл қағып бірден полицияға хабарласқан. Кейін полиция қызметкерлері сәбиді ауруханаға алып кеткен. Сондай-ақ полицейлер баланың анасын бірден анықтап, аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 119-бабы ("Қауіпті жағдайда қалдыру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеген. Порталдың мәліметінше, жаңа туған нәрестені тауып алған әйел ол жылап жатқан дауысты естіп, "қорапта мысық жатыр" деп ойлаған. "Сағат 11:00 шамасында төсеніштерді қағу үшін аулаға шықтым. Шыққан дауысты мысықтың даусына ұқсаттым. Себебі, аулада мысықтар көп. Құлақ салып, тыңдап тұрсам, дыбыс баланың жылағанына ұқсайды. Мен қорқып кетіп, туысымды шақырдым. Ол пакетті ашып, ішінде нәресте бар екенін, қозғалып жатқанын айтты. Көршілерді шақырдық, бір ер адам баланы алып шықты. Сәби тірі, қатты жылап жатты, жаңа ғана туған сәби сияқты көрінді. Киімсіз, тек пакетте болды", - дейді жергілікті тұрғын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар