Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда Махамбет ауданындағы жайылымға мұнай жайылды

Атырауда Махамбет ауданындағы жайылымға мұнай жайылды
ашық дереккөз
Мал жайылатын аумақтан мұнай шығып жатыр. Атырау облысының Махамбет ауданында жайылымға мұнай жайылды. Алайда өріске қара алтын төгіп, қоршаған ортаны кім ластағанын экологтар да, жергілікті билік те білмейді, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. Көлемі 120 шаршы метрді алып жатқан бұл аумақтан кезінде ұңғыма қазылыпты. Кейін жер қойнауын пайдаланушы компания сол күйі тастап кеткен. Қазір жер де, ұңғыма да мемлекет меншігінде көрінеді. Сондықтан мұнай төгілген аумақты қоршау және тазалау жұмысы Махамбет ауданының әкімдігіне жүктелген. Алайда әкімдіктегілер бұл ұңғыманы бітеп, тазалау оңай жұмыс емес деп отыр. Тіпті шенеуніктер ұңғыма қазып, жайылымды ластаған қай компания екенін де ашып айта алмады. "Бізге бұл оңтүстік Бәйменке кен орындағы К3 ұңғымасы делінген мәлімет жолдады. Кімге тиесілі екенін бізге айтқан жоқ. Қазір мемлекет меншігінде деген жауап келді. Енді әкімдік жер заңнамасына сәйкес жердің иесі кімге тиесілі, сол жердің иесі тазалап, қалпына келтіруге, айналымға қосуға міндетті",-дейді Атырау облысы экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегенов.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар