Танымал әнші Жазира Байырбекова күйеуін "Жәннатым" дейтіндерді еш түсіне алмай қойғанын айтты. Сөзінше бұл асыра сілтеу, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. "Осы ойымды ашық айтқаным үшін көбіңіз ренжисіздер-ау… Күйеуін "жәннатым" деп санаған дұрыс дегенді қанша жерден естісем де, келісе алмай-ақ қойдым. Әр адам өз ата-анасын осылай атаса 100 пайыз қосыламын. Өйткені, ата-анасын ешкім, ешқашан ауыстыра алмайды. Күйеуін, балаларының әкесін сыйлаған, құрметтеген өте дұрыс. Бірақ "жәннатым" деп тек әке-шешеге айтса жарасатын сияқты", - деп жазды Жазира Байырбекова желіде. желі қолданушыларының көпшілігі "Жәннатым" дейтіндер негізінен дінге берілгендер деп жазып жатты.
"Ата-анасын айтса түсінемін": Жазира Байырбекова күйеуін "жәннатым" дейтіндерді сынады
Әнші: Күйеуді, балаларыңыздың әкесін сыйлау өте дұрыс
