Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде 6-сынып оқулығында 18+ танысу сайты көрсетіліп, сол жерден толық мағлұмат аласыз делінген

Елімізде 6-сынып оқулығында 18+ танысу сайты көрсетіліп, сол жерден толық мағлұмат аласыз делінген
ашық дереккөз
"Жаратылыстану" кітабындағы олқылық қайдан пайда болғанына министрлік жауап берді
Еліміздегі 6-сынып оқушыларының "Жаратылыстану" оқулығында ересектерге арналған танысу сайтына сілтеме берілген. 18 жастан асқан азаматтар отыратын веб-сайттың сілтемесі оқулық ішіндегі "Жасуша әлеміне экскурсия" деп аталатын тапсырмада жазылыпты. Ал көпшілік мұндай сорақылық жауаптылардың жұмысына немқұрайлы қарауынан болған дейді. Ересектерге арналған сайттың сілтемесі жазылған оқулық туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ашуын туғызды. Дәл осы biofile.ru деп аталатын сілтеме оқулықтың 33 параграфінде көрсетілген. Ал сілтеме арқылы сайтқа кіргенде, онда ашық-шашық киінген қыздардың суреттері шығады. Бұған байланысты оқу-ағарту министрлігіндегілер түсініктеме берді. Олардың айтуынша, 6-сыныптың "Жаратылыстану" оқулығы 2017 жылдан бері орысша оқытатын мектептерге беріліп келеді. Ал ондағы biofile.ru сілтемесі, "Биофайл" ғылыми-ақпараттық журналының веб-сайты болған дейді. Кейін бұл сайт жұмысын тоқтатқан екен. Бірақ қазір осы атауды іздеушілерді браузер бірден күмәнді танысу сайтына бағыттайды. Сондықтан бұл мәселе бойынша құзырлы органдарға сұрау саламыз дейді жауапты ведомство өкілдері. "Мұрағат қызметі бойынша талдау нәтижесінде «web.archive.org» күмәнді танысу сайтының 2011 жылдан бері бар екенін көрсетті. Мұнда соңғы жылдары белсенділік күрт төмендеген. Ал 2023 жылдың 17 ақпаны мен 9 наурызында сайт әкімшісі ұсынылмаған сайттарға бағыттайтын жаңа URL ресурсты қосып қойған",– дейді ҚР Оқу–ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар