Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ермұрат Бәпи "Қаңтар оқиғасына кінәлі" бірақ соттан сытылып отырған адамның есімін атады(видео)

Ермұрат Бәпи "Қаңтар оқиғасына кінәлі" бірақ соттан сытылып отырған  адамның есімін атады(видео)
ашық дереккөз
Ермұрат Бәпи: Кәрім Мәсімов - "козел отпущения"
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи "Қаңтар оқиғасына кінәлі" негізгі жауапқа тартылуы тиіс, бірақ сытылып, қорғалып қалған азаматтың есімін атады, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. "Қаңтарға баййланысты Кәрім Мәсімовтің бірінші орынбасары Самат Әбішев деген азамат жауапқа тартылмады. Осы сұрақтың астында барлығының жауабы тұр деп ойлаймын. Бұл Қаңтардың бар кінәратын Мәсімов пен оның үш орынбасарына жабу арқылы Самат Әбішевті құтқарып қалды. Ол бірінші орынбасары, оперативтік жұмыстың бәрін сол жүргізуі тиіс еді. Оны құтқарып алып отыр. Сондықтан бұл жерде орысшалап айтқанда Кәрім Мәсімов- Козел отпущения. Қазақша айтқанда құрбан болған жігіт. Әрине Қаңтарға қатысы бар. Тікелей басшысы, ол қауіпсіздік төрағасының басшысын тыңдады. Ескі Қазақстан билігінің ырқында жүрді. Әрине ол жауапты. Бірақ сот барлығын Мәсімовке жауып, қалғанын құтқарды. Қаңтар оқиғасы ешқашан жауылып қалмайды. Болашақта комиссия құрылып, бұл әлі зерттеледі",- деді депутат Ермұрат Бәпи.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар