Әнші: Мен бізді қорқытуға тырысып жүретіндерден қорғану үшін кәдімгідей қару сатып алып жүрдім. Пайдасы тиді.
Әнші Азамат Зенкаев "Ninety One" тобынан не себепті кеткенін, жұлдызды өмірі мен қазіргі жоспарлары туралы айтты. Оның сөзінше аты шулы топта жүргенде топ мүшелерінің өміріне айтарлықтай қауіп төнген. Өйткені күнделікті олар тұратып пәтерді аңдып, қорқытып жүретін жігіттер пайда болған.
Азамат Зенкаев «TalkLike» жобасында бұрынғы жұлдызды жұбы Ерке Есмаханмен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлады «КҮН.КЗ»тілшісі.
Жоба жүргізушісі Аман Тасығанның «Мықты еркек сүйген сұлуын қасында сақтап қалады. Сен сонда мықты болмай тұрсың ғой?» деген сұрағына рэпер: «Мүмкін мен оны сақтағым келмеген шығар?!» - деп жауап берді.
Сұхбат барысында ол өзінен тоғыз жас үлкен әншімен қалай танысқанын жеткізді.
«Ән жазып беруімді өтінді. Кездескен сәтте өзіне бірден баурап алды. Еркеге осылай алданып қалдым. Ол өзі ойнақы, әзілдесіп сөйлеп қалған ғой», - деді «A.Z.» атымен танымал рэпер.
Дегенмен, жұбайлық өмірдің қысқа болу себебін ашып айтқысы келген жоқ. Әнші топтан кеткеннен кейін махаббат машақатына түсіп, шығармашылықты ысырып қоғанын ашық айтпаса да астарлап жеткізуге тырысты. Бірақ, Ерке Есмаханмен қоштасқан сәті туралы ашық айтудан қашқақтай берді.
"Былайша айтқанда мені біреулер, бір заттар қудыртып жіберді. Өз тілімде айтсам. Мен қазір толық сенімді түрде Еркені сүйдім деп те айта алмаймын. Жарайды сол кезде жақсы көрдім деп айтасалайыншы. Солай боласалсын. Қалай айырылыстық. Ешқандай ондай айырылысу болған жоқ. Жай ғана хабарсыз кеттік, болды. Ешкім-ешкімді тастап кеткен жоқ. Әлде, мені тастап кетті деп айтасалайын ба? Қалай айтқан дұрыс? Қазір ол адамға деген ешқандай реакция жоқ. Өмір бойына бірге бақытты болсын олар",- деді рэпер Азамат.
Ал Еркенің «Raim» есімімен белгілі Райымбек Бақтыгереевпен некелесуін қуанышпен қабылдаған. Сондай-ақ екеуіне бақытты әрі мәңгілік отбасылық өмір тілейтінін тілге тиек етті.
Айта кетейік, жыл басында мұсылманша неке қидырған олардың да жас айырмашылығы айтарлықтай — он екі жас.