Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда су мен жарық бағасы қашан және қаншаға қымбаттайтыны айтылды

Қазақстанда су мен жарық бағасы қашан және қаншаға қымбаттайтыны айтылды
ашық дереккөз
Экономика министрі коммуналдық төлемдер бағасы бірден емес, біртіндеп қымбаттайтынын түсіндірді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанда жарық, су, жылу тарифтері қашан қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды  "КҮН.КЗ" тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. “Электр энергиясы желілер тозған өңіріне байланысты қымбаттайды. Бізде қалай? Биыл бағдарлама жариялағаннан кейін желілерді жылдам жаңарту керек. ЖЭО-ларда да. Электр энергиясы үшін баға өсімі шілдеге жоспарланған. Ал жылу бойынша өсім жаңа жылыту маусымы басталған кезде болады. Ол да өңірге байланысты. Мәселен, қыркүйекте қымбаттаса, ол сома қазанда келеді”, – деп түсіндірді министр. Қуантыровтың сөзінше, тарифтер бірден емес, біртіндеп қымбаттамақ. Ол су тарифін де өсіру жоспарланып отырғанын жеткізді.
“Өйткені кәріз жүйесін де жаңарту керек. Кәріз жүйесін жаңғырту үшін өте үлкен инвестиция керек”, – деді ведомство басшысы.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар