Басты жаңалықтар
"Арселор Миттал Теміртау" компаниясының заңгерін кім және не үшін өлтіргені белгілі болды
- автор kyn.kz
- 27 сәуір, 2023
- 254
Қаскөй алыстан келмеген. Оның адам өлтіруге барған себебі де елді шошытып отыр
"Арселор Миттал Теміртау" компаниясының заңгерін өлтірді деген күдіктілер ұсталды. 53 жастағы Ирина Эмді күйеуін қызғанған көрші келіншек пышақтап тастаған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.
Қаскөй алыстан келмепті. Есіктері қатар тұр. Тергеу мәліметінше, 52 жастағы азамат көрші әйелге қарызға ақша сұрап кіріп шықан екен. Онысы өз әйеліне ұнамай, отбасылық жанжал марқұмның үйінде жалғасқан. Ақырында 44 жастағы азаматша Иринаны пышақтап тастаған.
Қылмысты жасыру мақсатында ерлі-зайыптылар оның үйіне от қойып кетіпті. 23 сәуір күні өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден 53 жастағы Ирина Эмнің денесін алып шыққан. Кейіннен оның пышақ жарақатынан көз жұмғаны белгілі болды. Алпауыт компанияның заңгерінің өлімі оның кәсіби қызметімен байланысты деген болжам да айтылған. "Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматша анықталып ұсталды",-деді Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.