Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сот үкім оқыр алдында қашып кеткен Серік Күдебаев ұсталды

Сот үкім оқыр алдында қашып кеткен Серік Күдебаев ұсталды
ашық дереккөз
Ол Түркияда жүрген жерінен ұсталған
“Иә, Түркияда ұсталды”, – деп қысқа қайырды Бас прокурор Қазақстан халқы ассамблеясы сессиясының кулуарында. Еске салайық, Серік Күдебаевтың сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан қашып кеткенін хабарлаған болатын. Тілшілеріміз экс-шенеуніктің 23-24 наурыз күндері Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке арқылы Түркияға жол тартқанын анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Жуырда ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Күдебаевтың нақты қай жерден заңсыз өткенін анықтау үшін Шекара қызметінде қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ, ол Күдебаевтың елден қашуына байланысты Қырғызстанда да қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеушілердің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаменті ғимаратынан шығып кеткен.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар