Басты жаңалықтар
Тұрсынбектің жары үйленгеннен кейін 6 жылдай жоқшылықта өмір сүргендерін айтты
- автор kyn.kz
- 1 мамыр, 2023
- 724
Мөлдір Мұқанова: Менің өміріме қызығатындар желіден тек бақытты сәттерді көріп жүргендер ғой
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқан "Мамский әңгіме" Youtube арнасына берген сұхбатында өзінің жеке өміріндегі қиыншылықтармен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Желі жұлдызы үнемі оқырмандарының өзіне "Сіздің жолыңызды берсін", деп жиі айтатынын айтты.
Алайда Мөлдір бұлай айтқандарға: "Жағдайы жоқ ер азаматқа тұрмысқа шығып, 6 жыл жатаханада тұрып, жоқшылық көріп, қоғамдық көлікпен балаларды тасып, тоңазытқыштың бос тұрғанын көруге дайын болсаңыз мейлі, менің жолымды берсін, - деп ағынан жарылды.
Бірақ ол қазіргі нәзік жандылардың көбісі жоқшылыққа шыдамайтынын айтты.
Сұхбат барысында Мөлдір әлеуметтік желіде көпшілік тек бақытты сәттерімен бөлісетінін және көп мәселелер кадр сыртында қалатынын айтты. Сонымен қатар жеткен жетістіктерінің барлығы тек таза еңбектің арқасы екенін, қиындықсыз армандардың орындалмайтынын айтып өті.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




