Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Айгүл Иманбаева Ақбота Керімбековадан қалай таяқ жегенін айтып берді

Айгүл Иманбаева Ақбота Керімбековадан қалай таяқ жегенін айтып берді
ашық дереккөз
Иманбаева: Сол таяқ жеген сәтім мәңгілікке есімде қалып қойды
Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева Ақбота Керімбековадан таяқ жеген кезі өмір бойына есінен шықпай қалғанын "Алғашқы" бағдарламасында айтып берді, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі. "Менің Жақсыгүл жеңгем мен Ақботаның анасы Бибіажар апай екеуі жақсы дос. Кейін менің анам мен Бибіажар апай танысып, сыйласып кетті. Әлі есімде, Көктөбе жақта Ақботалардың жер үйі болған. Сол жаққа анам мен жеңгеме ілесіп барғаным бар. Ойнап жүргенде бір таяқ жегенім бар. Оның есінде бар ма, білмеймін. Бірақ сол бір сәт менің көз алдымда мәңгілікке қалды. Өйткені мен ауылдан келдім. Мен де бұзықтың бірімін. Сөйтсем, менен де қатты бұзықтар бар екен қалада деп ой түйдім", - деді Айгүл Иманбаева.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар