Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ахмет Байтұрсынұлына араша болған өзге ұлт өкілі кім?

Ахмет Байтұрсынұлына араша болған өзге ұлт өкілі кім?
ашық дереккөз
Оспанбек түбі сарт болса да, нағыз қазақтың оқы­­ғандарының көбіне бергісіз. Саяси іске қатынасып, қазаққа қыз­мет қы­луды өзіне борыш санаған жігіт еді, деп жазды KYN.KZ тілшісі. Оспанбектің қазаққа қыл­ған қызметтерінің бірі мынау: Қар­қаралыда пошта-телеграф канторында тұрған уақытта Ахмет Байтұрсыновтың үстінен үкіметке қарсы адам деп көрсеткен шағым бойынша Семей жанаралы Қар­қаралыға телеграм жіберген «Ахмет Байтұрсынұлының үйін тінтіп, абақтыға жап» деп. Бұл телеграмды өзге шенеуніктерден Оспанбек бұрын біліп, жүгіріп маған келіп айтты: «Ақаңа барып, тезірек хабар бер. Үкіметке қарсы қағаздарын тықсын!» деп.  Мен барып Ахметтің бар кітап-қағаздарын алып, таң атқанша Қарқаралының тасына апарып, Оспанбек екеуіміз тығып едік. Ертеңінде Ахметті тін­тіп, түк таба алмаса да, Семейге айдап жіберіп еді.   Шынжы Керейбаев «Сарыарқа» газеті, 2 йануар 1918 жыл, №27
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар