Басты жаңалықтар
"Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды үзбей, дос боламыз": Альмира Тұрсын Ақан Сатаевтың бірінші әйелімен кездесті
- автор kyn.kz
- 3 мамыр, 2023
- 610
Альмира Тұрсын: "Олардың ажырасуына менің қатысым жоқ"
"Томирис" рөлімен танымал актриса Альмира Тұрсын режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелімен кездесуі қалай өткенін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі "Назира Бақаеваға маған уақыт бөліп келгені үшін және ашықтығы мен шынайылығына алғыс айтамын. Екеуіміз сыйластықтан аспай ,әңгімелесіп, өз сұрақтарымызға жауап алып, жеңілдеп қалдық, - дейді актриса. Сонымен қатар актриса Ақан мен Назираның шаңырағының шайқалуына өзінің ешқандай қатысы жоқ екенін, олардың арасында оған дейін де мәселе болғанын жасырмады.
Тіпті өзінің бұрыңғы жұбайымен "біреу үшін" ажыраспағанын айтып ағынан жарылды. Бұған да белгілі бір жағдайлар себеп болғанын айтты.
"Мен тоқал немесе екінші әйел емеспін. Назира екеуіміздің бір-бірімізге деген ренішіміз жоқ. Тіпті керісінше, өзара сыйластығымыз арта түсті. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды үзбей дос боламыз", - деп түйіндеді актриса. Естеріңізге сала кетейік 2020 жылы Ақан Сатаев әйелімен ажырасып кеткен еді. Осыдан кейін көпшілік бұған себеп болған танымал режиссердің актриса Альмира Тұрсынмен байланысы деп топшылаған еді.