Басты жаңалықтар
Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтың бұрыңғы отбасынан өздерін мазаламауды сұрады
- автор kyn.kz
- 3 мамыр, 2023
- 343
Мақпал Жүнісова:"Көзі тірісінде балаларды араластырмады"
Танымал әнші Мақпал Жүнісова жұбайы Заманбек Нұрқаділовтың бұрыңғы отбасына қатысты бар шындықпен "1001" түн бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
“Мерейдің Зәкеңнің екі баласымен де жақын араласуына болатын еді. Зәкеңнің заңды әйелі менмін, ол – бәйбішесі емес, ажырасып кеткен әйелі. Сол кісі күйеуімнің көзі тірісінде балаларды араластырмады. Зәкеңнің өмірден өткеніне 18 жыл болды, сонда Мерейдің маңдайынан сүймеген адамдар. Мерей мектеп бітіргенде біреуі келіп құттықтаған жоқ. Зәкеңнің зейнетақысына таласқан соң, не сұрайсыз? Зәкең қайтыс болғанда Қайрат 38-де, Құралай 33 жаста еді. Сөйтіп отырып олар пенсияға таласып, 18 жыл бойы Зәкеңнің ақшасын Мереймен бөлісті. Осыдан кейін қандай туысқандық болуы мүмкін? Біз Зәкеңді құрметтейміз, оның шаңырағының иесіміз. Сондықтан бізге тыныштық берсін”, – деді әнші. Сонымен қатар Мақпал Жүнісова сұхбат барысында қызының өзінің биологиялық ата-анасымен араласып тұратынын, туған бауырларымен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты.
Келесі мақала