Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Актер Даурен Айдарқұлав бойдақ жігіттермен отбасылық өмірдегі тәжірибелерімен бөлісуде

Актер Даурен Айдарқұлав бойдақ жігіттермен отбасылық өмірдегі тәжірибелерімен бөлісуде
ашық дереккөз
Дәурен Айдарқұлов: "Өзіңіз секілді адамды іздеңіз"
Танымал актер Дәурен Айдарқұлов шаңырақ көтермеген жігіттермен отбасылық өмірдегі тәжірибелерімен бөлісіп, өзі қателікке бой алдырған сәттерді ескеріп, ажырасудың алдын алу үшін, әлеуметтік желіде әр түрлі пайдалы кеңестерімен бөлісуде, деп жазды KYN.KZ тілшісі. "Менің ата-анам, достарым мені бала күнімнен сабырлы деп санайтын. Мен өзім де осындай ойдамын. Сондықтан мен сияқты сабырлы адамға пысық, шапшаң, белсенді әйел керек деп ойлайтынмын. Расымен, солай болды. Менің бірінші және екінші әйелдерім пысық болды. Бірақ, менің басымдағы ойды өзгерткенде таңғалдым. Сөйтсем, сабырлы ер адамға сабырлы әйел керек екен. Ал шапшаң, белсенді ер адамға сондай әйел керек. Дәл осындай жұптың отбасылық өмірі ұзақ әрі бақытты болатынын статистика дәлелдеген. Осы жерде бойдақ азаматтарға айтқым келеді. Өзіңіз секілді адамды іздеңіз. Пысық, шапшаң адамға - пысық әйел, сабырлы ер адамға - сабырлы әйел керек. Бақытты болыңыздар", - деді Дәурен Айдарқұлов. Сонымен қатар Айдарқұлов ажырасудың тағы бір себептерінің бірі ол отбасыға үшінші адамның  араласуы екенін айтты. Оның ойынша қазақ отбасыларының көбісінде бұндай позицияны жігіттің анасы немесе әпке, қарындастары алатын көрінеді. Дәл осындай  ситуацияларда актердің айтқан кеңесі ерлі-зайыптылар бір-бірмен тығыз мықты байланыста болып, үшінші адамды отбасылық мәселеге араластырмай, проблемаларды өз ішінде шешу. Актердің ойынша дәл осындай сәтте ер адам суыққанды болып, екі жақты тең ұстау керек. Сонда ғана отбасы бақытты да, баянды ғұмыр кешеді екен.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар