Басты жаңалықтар
Қазақтың екі жігіті бокстан әлем чемпионатының финалында кездеседі
- автор kyn.kz
- 12 мамыр, 2023
- 433

Қазақ жігіттері бауырмалдығымен басқаға үлгі бола ма әлде тартысты бәсекеге жол бере ме?
Ташкентте ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты, деп жазды KYN.KZ
Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Токио олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен бокстасты.
Екі раундта басымдық түгелдей Нұрбекте болды. Қорытынды есеп - 4:1.
Осылайша, 80 келіге дейінгі салмақта финалда қос қазақ - Нұрбек Оралбай мен қытайлық Тоқтарбек Таңатхан алтын жүлдені сарапқа салады.
Тоқтарбек Таңатхан 80 келіге дейінгі салмақта испаниялық, түбі ресейлік Газимагомед Джалидовке қарсы келді.
Тартысты өткен бәсекеде қытайлық боксшы төрешілердің басым даусымен жеңіске жетті.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025