Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада ішімдікке тойып алып,ұрыс іздеген ер адамды әйелі 10 тәулікке қаматып жіберді

Астанада ішімдікке тойып алып,ұрыс іздеген ер адамды әйелі 10 тәулікке қаматып жіберді
ашық дереккөз
Әйелдің сөзінше күйеуі өзін балағаттап, намысына тиіп, тыныштық бермей қойған
Астаналық ер адам отбасындағы жанжал үшін 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа порталы. "102" арнасына елорданың 38 жастағы тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Жәбірленушінің айтуынша, 39 жастағы күйеуі үйіне алкогольдік масаң күйде келіп, жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған. Полиция қызметкерлері анықтағандай, бұл отбасындағы алғашқы жанжал емес. Тәртіп сақшылары құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік хаттама толтырып, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберген. Сот шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған. Осы орайда Астана қаласының полиция департаменті егер сіз зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, "102" нөмірі арқылы дереу полицияға немесе әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесіне хабарласуға (сенім телефоны 8-(7172)-71-60-63 ) шақырады. Онда полиция қызметкерлері сізге консультативтік-құқықтық көмек көрсетеді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар