Өзбекстан ұлттық құрамасының боксшысы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 63,5 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Финалдағы жекпе-жекте Руслан Абдуллаев моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухты жеңді.
Осылайша, боксшы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ал оның қарсыласы Чинзориг Баатарсух Ташкенттегі турнирде күміс еншіледі.
Айта кетейік, Абдуллаев қазіргі Азия чемпионы. Сонымен қатар, боксшы бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасына қатысуға ниет білдірген, алайда қабылданбаған.