Басты жаңалықтар
Мәсімов жасаған қылмыс құпия қалды, ашқан адам түрмеге тоғытылады
- автор kyn.kz
- 16 мамыр, 2023
- 448

Мәсімов жасаған аса құпия қылмысты тарих қай жылдары ашуы мүмкін?
Кәрім Мәсімовке қатысты іс бойынша ешқандай дерек жарияланбайды. Өте құпия жағдайда тергеліп, үкім кесілген істің жәй-жапсарын жарияламау заңмен қарастырылған. Мемлекеттік құпияны ашқан адам түрмеге тоғытылады, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Ал 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің тәркіленген дүние-мүлкін сатумен сот орындаушылары айналысады. Сәуірде Астананың ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы мен оның орынбасарларын қаңтар оқиғасына қатысты кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырған.
Мәсімов үкімді қайта қарауды сұрап, апелляцияға беруге құқы бар. Бірақ әзірге ондай арыз түспепті. Ал жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тағы 11 қызметкері сот алдында жауап беретін болады. Әртүрлі шендегі олардың ісі де тергеліп біткен.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Кейбір іс бойынша тергеу аяқталды, кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл қылмыстық қудалауға байланысты",-деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев.
Келесі мақала
Жұбайымның 40 миллионнан астам қарызы барын білдім
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025