Басты жаңалықтар
Шымкентте 72 жастағы қария аурухана терезесінен секіріп өлді
- автор kyn.kz
- 19 мамыр, 2023
- 870
Шымкентте 72 жастағы қария аурухана терезесінен секіріп көз жұмды. Жаға ұстатарлық жағдай түн ішінде болған, деп жазды "КҮН.КЗ" тілшісі.
Зейнеткер 7 мамыр күні де суицидке талпынған. Кеңірдегін пышақпен кесіп, өлімші хәлде жеткізілген оған дәрігерлер ота жасап, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатыпты. Одан соң психотерапевттің рұқсатымен палатаға шыққан. Күніге жанында туыстары болғанымен, соңғы бірер күн ешкім келмеген. Осыдан кейін көңіл күйі де болмай, ақыры түн жарымында қария терезеден секіріп тіл тартпай кетті.
"Туыстары кетіп қалғаннан кейін мені тастап кетті деп ойлған сияқты. Өйткені бізде өте жоғары деңгейлі көмейі тігіліп, бірінші деңгейлі өңдеу жасалып жансақтау бөліміне жатқыздық, алғашқы медициналық көмек көрсеткенбіз",- дейді Шымкент №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Қуаныш Лекеров.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




