Басты жаңалықтар
Тест жауабын телефонмен лақтырып отырған: Түркістандық мұғалімдер жауапқа тартылды
- автор kyn.kz
- 19 мамыр, 2023
- 915
Түркістан облысында тест жауаптарын телефон арқылы таратқан мұғалімдерге тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды "КҮН.КЗ" тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып.
Кеше Ордабасы ауданындағы «Тоқсансай» жалпы орта мектебінде мемлекеттік аттестаттау өткен. Оның барысында ұстаздар заң бұзушылыққа жол берген. Атап айтқанда, Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері тестілеу барысында екі оқушының жасырын түрде телефон пайдаланып отырғанын анықтаған.
Телефондарды ашып қарау кезінде педагогтер дайын жауапты суретке түсіріп, оқушыларға жіберіп отырғаны белгілі болды. «Аталған жайтқа байланысты мектептің директоры мен 6 педагог тәртіптік жазаға тартылды. Мұның алдын да «Тоқсансай» жалпы орта мектебі сәуір айында өткізілген мемлекеттік аттестаттаудың нәтижесі бойынша 40 пайыздан төмен көрсеткіш көрсетіп, аттестатталмаған болатын», - деді Түркістан облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




