Басты жаңалықтар
Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай, Нью-Йоркте әншінің фотолары таймс-сквер экранынан көрсетілуде
- автор kyn.kz
- 24 мамыр, 2023
- 786
Бүгін әлемге белгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 29 жасқа толды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Бүгін АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы таймс-сквер алаңында үлкен экраннан Д.Құдайбергеннің фотолары көрсетілді.
«Сәлем, Таймс-сквер! Сәлем,әлем! Сәлем, 29 жас! Барлықтарыңызға осыншама үлкен құрметтеріңізге көп рахмет», - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Таймс-скверде түсірілген видеодан Димаштың есімін атап айғайлаған жанкүйерлердің дауысын естуге болады.
Бұған дейін Димаш өзінің туған күнінде жаңа әнінің бейнебаянын жариялайтынын айтқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




