Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димаш Құдайберген туған күнінде тыңдармандарына тосын сый жасады

Димаш Құдайберген туған күнінде тыңдармандарына тосын сый жасады
ашық дереккөз
Бүгін танымал әнші Димаш Құдайбергеннің туған күні. Әнші туған күніне орай тыңдармандарына сый жасап, «Өмір» атты жаңа клипін жарыққа шығарғалы жатыр. Бұл жаңалықпен Димаш өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Тыңдармандары әншіні әлемнің әр қиырынан құттықтап, ыстық лебіздерін білдіріп жатыр. Дінмұхаммед (Димаш) Құдайберген Қанатұлы 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында  дүниеге келген. Ата-анасы Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері.
Димаш бала кезден түрлі ән байқауларына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Витебскте өткен «Славян базары-2015» халықаралық ән байқауы жас әншінің бағын ашты. Отандасымыз конкурста бас жүлде иеленді. Осыдан кейін жас орындаушы бір жылдай Қытайдың «Мен әншімін» жобасына қатысып, талантымен күллі әлемді таңғалдырған еді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар