Қарақат Әбілдина: Асфальтта өскен қыз болғанын қаламаймын
Танымал жұлдызды жұп Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болманов болашақ келіндерін қандай болғанын "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты деп, жазды KYN.KZ тілшісі.
“Ене болуға дайынмын. Мен жақсы ене болатынымды білемін. Келінімнің таза асфальтта өскен, тілін білмейтін, дәстүрден мақұрым болғанын еш қаламаймын. Қазақы таным-түсінігі, тәрбиесі бар, көргені бар, көзі тоқ келінді Алладан тілеймін. Ең бастысы қазақы ұлттық тәрбиені көріп өскен болу керек. Бекболаттың өзі қалада туып, өскенімен оның тәрбиесінде қазақтың иісі бұрқырап аңқып тұрады. Оның бойынан, сөзінен де көрініп тұр. Ол ұлттық құндылықтарды жақсы түсінеді. Сол өзінің деңгейіндегі қазақылық қасиеті бар бала болса жақсы болады. Негізі ұлым менімен жақсы сырласады. Сәл көңіліне ұнаған қыздар болса суреттерін жіберіп, ақылдасып кеңеседі. Мен ұлымның:”Ғашық болдым, күйдім, сүйдім. Осы келініңіз болады”,деп белден басып қадам жасамайтынын білемін. Шын ғашық болған күннің өзінде, біз ол туралы білетін боламыз” , – дейді Қарақат Әбілдина.
Сонымен қатар сұхбат барысында жұбайы Қыдырәлі де жұбайын қолдап, өз пікірін білдірді.
Келесі мақала