Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димаштың жаңа бейнебаяны шықты

Димаштың жаңа бейнебаяны шықты
ашық дереккөз
24 мамырда туған күнінде Димаш Құдайберген барша жанкүйерлеріне арнап, "Өмір" атты жаңа композициясын ұсынды. Шығармада орындаушының басынан бастап, бүгінде танылып жүрген өнерпаз атанғанға дейінгі өмірі мен шығармашылық жолы баяндалады, деп жазды KYN.KZ тілшісі "Өмір" әні – Димаш Құдайбергеннің терең де әсерлі композиторлық туындысы. Онда әртіс өзімен іштей монолог жүргізіп, өмірді бір-бірден сұрыптап, сол туралы әңгімелейді. «Бейнебаянды көргенде көрермен проекторы бар кішкентай қараңғы бөлмеге көшеді. Онда Димаштың өмірдегі ең жарқын сәттерін тамашалауға болады: алаңсыз балалық шақ, музыка байқаулары, «I am Singer» байқауындағы жеңісі, оның сүйікті Dears-і, беделді тұлғалармен танысу және ұмытылмас концерттері… Осы кадрлардың барлығына қарап, Димаш әр сәтті қайта бастан өткергендей», деп жазады Dimashnews.com сайты.
"Өмір" – әуені де, сөзі де менің ішкі дүниемнен алғаш шыққан туынды, туған күніме арналған шығарма. Мені су бетіндегі алапат толқынға, ызғарлы дауылға қарсы тұруға шақырған барша тыңдарманыма арнаймын. Бұл туынды менің өмірім туралы", – деді Димаш.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар