Басты жаңалықтар
Оқу-ағарту министрі неліктен оқу жылының 31 мамырда аяқталатынын түсіндірді
- автор kyn.kz
- 25 мамыр, 2023
- 350
Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев министрліктің маңызды міндеттерінің бірі – биылғы оқу жылын табысты аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын сапалы ұйымдастыру әрі қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету екенін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Биылғы жаңалық - елімізде оқу жылы (34 аптадан) 36 аптаға дейін ұзартылғаны. Осыған сай оқу жылы биыл 31 мамырда аяқталады.
Бұл шешімнің басты негіздері ретінде министр мыналарды атады:
- балалардың отбасында көбірек уақыт өткізуіне қатысты ата-аналар өтініштерінің ескерілуіне байланысты 5 күндік оқу аптасына көшу;
- оқушыларға жүктемені азайту жөніндегі сарапшылар ұсыныстарының қабылдануы;
- оқу аптасының ұзақтығын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкестендіру.