Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ауыл әкімі журналиске берген сұхбатынан кейін инсульт алып ауруханаға түскен

Ауыл әкімі журналиске берген сұхбатынан кейін инсульт алып ауруханаға түскен
ашық дереккөз
Солтүстік Қазақстан облысы Астрахан ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатов инсульт алып, ауруханға түсті, деп  жазды KYN.KZ тілшісі. Әкім 26 мамыр күні кешке ауруханаға түскен. Мұны Қазақстан халықтық партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Ерғали Жұмағұлов Facebook-те жазды. Жұмағұловтың мәліметіне сүйенсек, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр, жағдайы жақсарған. Ерғали Жұмағұлов жазбасында ауруханаға түскен әкімнің жағдайы мен оның "Обожаю" бағдарламасының авторы Асхат Ниязовке берген сұхбаты арасындағы байланысты меңзеп, айыптаған. "Қазір аудан орталығындағы ауруханада, жағдайы тұрақталды. вазисарапшылардың өсегі, дилетант-жалған журналистердің лас хайпы мен қазіргі жүйе тарапынан көрсетілген қысым өз Отаны үшін қам жейтін жігіттің өмірі мен денсаулығы жанында түкке тұрмайды", – деп жазды ол. Сондай-ақ, Асхат Ниязовқа сұхбат берген соң ауыл әкімі Руслан Қабатаевқа қатысты тергеу басталған. Сюжетте әкімнің сөздерінде шикілік байқалған. Ол қызметтік "Нива" көлігі үшін бюджеттік ақшаға жаңа резеңке сатып алғанын хабарлады. Бірақ журналист Асхат Ниязов көліктің ескі резеңкемен тұрғанын анықтады. Қабатаевтың Porsche Cayenne автокөлігі бар. Ол мұны әпкесімен бірге 5 миллион теңгеге сатып алғанын айтты. Айта кетейік, 21 мамырда жарияланған бағдарламаның шығарылымында әкімдікте істейтін әйел журналиске мұнда еден жуатын әйелдің айына 20 мың теңгеге жалақы алатынын және қолғап пен жууға арналған заттарды өз ақшасына сатып алатынын айтқан. Ал еден жуушы журналистің бұл сұрағына жауап беруден бас тартты. https://youtu.be/WKUO8w5NEKo
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар