Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Петропавлда 9-сынып бітірген қыз 16-қабаттан секіріп өлді

Петропавлда 9-сынып бітірген қыз 16-қабаттан секіріп өлді
ашық дереккөз
Мұғалімдері марқұмның үздік оқушы болғанын айтып жатыр
Суицидтің себебі белгісіз. Петропавлда мектеп оқушысы 16-шы қабаттан секіріп ажал құшты. Өзіне қол жұмсаған қыз 9-сыныпты енді аяқтаған. Ұстаздары оқу үлгерімі өте жақсы болған дейді. Бірақ соңғы қоңырау салтанатына 15 жастағы қыз қатыса алмады. Қайғылы  оқиға кеше күндіз болған. Мектептен шыққан Арина бағытын үйіне емес, жақын маңдағы тұрғын үй кешеніне бұрған. Әп-сәтте өзін өлімге қия салған оқушының мұндай әрекетке баруына не түрткі болғаны әзірге жұмбақ. Өйткені соңғы қоңырауға қызу дайындалып, сыныбын безендірген олар мектептен көңілді шығыпты. Қуаныштан бал-бұл жайнаған жүзі суретке де түсіп қалған. Сондай-ақ қорытынды бағаға қатысты да еш қиындық туған емес дейді мұғалімдері. Керісінше, тақтаға таласып шығып, электронды табелін 5-ке толтырған оқушының бірі сол болған екен. "Үнемі мейірімді, беделді болды. Ешқашан мұғалімдерін, мені, атаанасын қиын жағдайға қалдырған емес. Аринада 9-сыныпты бітіріп, колледжге кетемін деген жоспар болған емес. 11-сыныпты оқимын деп жүретін. Оның үстіне өнерлі қыз еді, қолынан келмейтіні жоқ. Қай сабақ болмасын, барлық пәннің ұстаздары мақтауын асырып отырады",- дейді Петропавл №40 орта мектебінің директоры Роза Мұрзатаева.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар