Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбеде күдікті әкімдікте істеген әйелді не себепті 35 жерден пышақтағанын айтып елді шошытты

Ақтөбеде күдікті әкімдікте істеген әйелді не себепті 35 жерден пышақтағанын айтып елді шошытты
ашық дереккөз
29 жастағы отбасылы азамат өзі өлтірген адамның мәйітін жүксалғышында 2 күн алып жүрген
Ақтөбеде облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдіктіге сот үкімі шықты.
29 жастағы азамат кінәсін бірден мойындап, қанды қылмысқа қалай барғанын жасырмай айтып берген. Соны ескерген сот бүгін оған 11 жыл жаза кесті.
Қылмыс осыдан үш ай бұрын болған. 46 жастағы әйелмен сотталушы бойдақпын деп танысыпты. Осылайша екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып кездеседі. Ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған.
Осыған ашуланған 29 жастағы жігіт тартпада жатқан пышағын алып, нақсүйерін 35 рет пышақтаған. Мәйітті жүк салғышқа салып алып екі күн бойы жүрген. Ауыр қылмысқа әйелінен көңілдесін жасыру үшін барғанын айтты.
Сотталушы 11 жыл жаза кесілгенде жылап та жіберді. Ал марқұмның туыстары айуандықпен адам өлтірген қылмыскерге бұл жеңіл жаза деп отыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар