Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Алтын орда" базарынан тағы ондаған заңбұзушылық табылды

"Алтын орда" базарынан тағы ондаған заңбұзушылық табылды
ашық дереккөз
Бұдан былай базардағы заңдылықтың сақталуын тұтастай арнайы топ қадағалауда ұстайтын болды
Атышулы «Алтын орда» базарында былық бітер емес. Үкімет басшысы бүгін бақандай 300 заңбұзушылық тіркелген сауда орнына бақылауды күшейтіп, тексеру үшін мобильдік топ құруды тапсырды. Алматы қаласы мен Алматы облысындағы азық-түлік нарығының 70 пайызы қазір осы базардың үлесінде, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. Сауда саттық көлемі үлкейген сайын, олигополия да өршіп тұр дейді шенеуніктер. Тек мұнша олқылықтан базар басшылары хабарсыз. Олар үкіметтегілердің мұндай статистиканы қайдан алғанын білмей отыр. Қаңтар оқиғасынан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев пайдакүнемдер май-шелпекке айналдырған «Алтын орда» базарын бақылауға алып, тәртіп орнатуды тапсырған. Сол уақытта тексеріс жүргізіліп, сауда орнында талай былықтың беті ашылған. Бұрынғы басшылар кетіп, орына жаңасы келді. Арада бір жарым жыл өтті. Бірақ базардағы заң бұзу әлі де тыйылар емес. "Базардағы түрлі тексеру санитария, еңбек, өртке қарсы және салы бақылауына қатысты 300-ден астам заңды бұзу анықтады. Прокуратура, полиция, бәсекелестікті қорғау және қаржы монитрингі агенттіктері, басқа да уәкілетті мемлекет органдарынан құралған мобильдік топ заң бұзу жойылғанға дейін жұмыс істейтін болады",- дейді ҚР премьер-министрінің баспасөз хатшысы Динара Әлімова. Мұндағы кәсіпкерлер сауда жүргізуге қолайлы жағдай жасалмағанын айтып Үкіметке жиі шағымданады. Бұл жағдай тауар бағасының негізсіз өсуіне әсер еткен. Алайда базар басшылығы "премьер-министр мұндай статистиканы қайдан алған" деп аң-таң. Ал, өткен жылы анықталған заң бұзу деректерінің 70 пайызын жойдық деп сенімді отыр. "Экологиядағы заңбұзушылық жойылды, салық төледік, ветеринарияны қазір тағы тексеріп жатыр. 300 деген сан қайдан шыққанын білмеймін. Біз барлығын ретке келтіріп жатырмыз. Мысалы, өртке қарсы 90 заңсыз әрекет табылды. Оның 25-ін жасап қойдық. Салыққа келетін болсақ, бір жылда 400 миллион теңгеге жуық қаражат құйдық. Бәлкім, үкімет басшысына ескі ақпарат берілген шығар. Себебі, жыл басындағы тексерістің нәтижесі мүлдем басқа",- дейді «Алтын орда» ЖШС бас директоры Данияр Әлпиев. Базар басшысы «бәрі жақсы» дегенімен, құрамында құзырлы органдардың өкілдері бар мобильдік топ ірі логистикалық торапқа айналған "Алтын орданың" заң аясында жұмыс істеуін бақылауда ұстайтын болады. Бұл базардың баға саясатына да ықпалын азайту үшін Алматыда тағы көтерме-тарату орталықтарын құру жоспарланған. Тіршілігі жыл он екі ай қыз-қыз қайнап жатататын "Алтын ордада" төрт мыңнан астам сауда нүктесі бар. Оның жартысы ашық аспан астында жұмыс істейді. Мұнда азық-түлік, жеміс-жидек, көкөніс пен өзге тауардың түр-түрі сатылады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар