Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес

Бауыржан Сатов: Әйел адам күйеуінің тіпті кірін жууға міндетті емес
ашық дереккөз
Альбина Шардарованың күйеуі отбасылық қарым-қатынастағы ойын айтамын деп елдің сынына қалды
Танымал әнші Альбина Шардарованың күйеуі  Бауыржан Сатовты жігіттер қауімі осы пікірі үшін сынның астына алды. Ол өз сұхбатында әйел мен ер адамның отбасындағы міндеттері тең дегенді меңзеген еді. Олар бір-біріне көмектессе сыйластықтан, мәжбүрлеу болмауы керек деген, деп жазды КҮН.КЗ тілшісі. "Ер адам мен әйел адам дін, білім болсын, біреуі оқып, біреуі бір орында қалып қойса, екеуінде әңгімелесетін тақырып қалмайды. "Әйел адам тек үйде отырып, тамақ істеуі керек, кір жууы керек" деп кім айтты? Тереңнен алатын болсақ, әйел адам күйеуінің кірін жууға да міндетті емес, негізінде. Міндетті емес. Бұл әркімнің өз қалауы. Күйеуінің разылығы әйелге маңызды. Бірақ кір жуу емес. Әйел адам үй жинауға да міндетті емес. Ер адам әйеліне көмектессе де болады. Міндет деген дүние жоқ. Қарым-қатынаста міндет деген сөзді алып тастау керек. Міндет деген нәрсе бар жерде сауда болады. Ерлі-зайыптылар міндет деген нәрсені алып тастау керек. Әйеліңе жақсылық жасап, содан ләззат алып үйрену керек", - деді Бауыржан Сатов.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар